Популярные тэги

Алматыда қыздың кеудесін ұстаған курьер қамауға алынды

Алматыда InDriver қызметінің курьері тарапынан жәбір көргенін мәлімдеген Дарья есімді қыз сотта жеңіске жетті.


18/02/2026
20:52 97 0

Істің мән-жайы 

 

Жәбірленушінің мүддесін белгілі адвокат Олег Чернов қорғады. Оның айтуынша, сот курьерге 7 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындаған.

«Ұсынылған дәлелдер негізінде сот құқық бұзушылық фактісін анықтап, 7 тәулік әкімшілік қамау жазасын белгіледі. Шешім іс материалдарына сүйене отырып шығарылды», – деді адвокат.

Заңгер жеке шекарасы бұзылған барлық қыз-келіншектерді үнсіз қалмай, құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

«Жеке шекараның бұзылуы – жәбірленушінің емес, оны бұзған адамның жауапкершілігі. Құқық қорғау органдарына жүгінудің мәні бар. Заң жұмыс істейді және қорғай алады. Елімізде мұндай заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік пен жаза қарастырылған. Бұл сот шешімі – соның айғағы», – деп қосты Чернов.

Контекст

 

Еске салайық, бұған дейін алматылық ару әлеуметтік желіде 14 ақпанда гүл жеткізген курьердің өзін ыңғайсыз жағдайда қалдырғаны жайлы жазды.  Дарьяның айтуынша, курьер оған шамамен сағат 20:40-та гүл жеткізген. Тапсырыс ауыр болғандықтан, қыз ер адамнан гүл себетін дәліздегі еденге қоюын сұраған.

 

Жәбірленушінің сөзінше, курьер пәтерге кіріп, гүлді қойғаннан кейін халатынан ұстап, ашып жіберіп, кеудесіне қол тигізген. Дарья шошығаннан қатты айқайлап, ер адамды пәтерден қуып шыққан.

 

Қыз оқиғадан кейін бірден полиция шақырып, арыз жазған.

 

InDriver компаниясы курьердің әрекетін жол беруге болмайтын мінез-құлық деп бағалап, оның аккаунтын бұғаттағанын мәлімдеді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/02/2026 20:52
97 0

Уведомление